НОВОСТИ

Алматы көрмесінде шаңғышыларға арналған алғашқы отандық киім көрсетілді

Қазақстанда қостанайлықтар алғаш рет тау шаңғысы киімін тікті, деп хабарлайды kstnews.kz сайты.

Мамыр айының алғашқы аптасында Алматыда ULTTYQ ÓNIM тауарлар көрмесі өтті. Аталмыш шараға 300-ден астам адам қатысқан. Қостанайдан келген «Азурит» ЖШС қысқы спорт түріне арналған киім брендін ұсынды. Мекеме директоры өнім қыста дайын болатынын айтты.

– Қазір біз жаңа бағытты дамытып жатырмыз. Ол — спорт пен белсенді демалысқа арналған киім тігу. Алдағы уақытта мемлекеттік рәміздері бар «Патриот» шаңғы комбинезондарының желісін іске қосамыз. Бұл отандық өндірістен шыққан ең алғашқы әрі ыңғайлы комбинезон болмақ, — деді «Азурит» ЖШС директоры Светлана Шипилкина.

Бренд иесінің айтуынша, «Патриот» киімінің түсі — аспан көк және сары. ҚР туының реңіне келтіріп жасалған.

Комбинезонды минус 25 градусқа дейін кие беруге болады.


«Патриоттың» құны — 190 мың теңге.
2023-05-18 15:29