Илон Маскқа адамдардың миына чип салуға рұқсат берілді
Америкалық кәсіпкер Маскке чип арқылы компьютерлер мен смартфондарды қол көмегінсіз пайдалану үшін сынақ жасауға рұқсат берілді. Бұл туралы Neurolink Twitter парақшасы хабарлады.
«Біз клиникалық зерттеулер жүргізуге АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан рұқсат алғанымызды қуана хабарлаймыз! Бұл ынтымақтастық – адамдарға болашақта көмектесуге мүмкіндік беретін алғашқы қадам», – делінген компания хабарламасында.
Алдағы уақытта компания зерттеуге қатысатын еріктілерді іздейді. Сынақ туралы қосымша ақпаратты Neuralink жақын арада беретінін мәлімдеді.
Илон Маск Neuralink компаниясын 2016 жылдың шілдесінде құрды. Қазіргі таңда олар ми сигналдарын Bluetooth арқылы жіберетін нейрочипті әзірлеп жатыр. Мұндай имплант арқылы компьютерлер мен смартфондарды қол көмегінсіз пайдалануға болады. Компания мәліметінше, Neuralink чипі неврологиялық ауруы бар адамдарға көмектеседі.