Жасанды интеллект жаңа дәрі-дәрмектерді дайындауға септігін тигізеді
Жасанды интеллект жаңа препараттарды әзірлеуге түбегейлі өзгерістер әкеледі. Дегенмен фармацевтика өнеркәсібінің даму үрдісі оған қарама-қайшы келеді. Оның Эрум заңы деп аталатын заңы бойынша жаңа препаратты әзірлеу құны шамамен әрбір тоғыз жыл сайын екі есе өседі. 1960 жылдары ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құйылды. Ол он шақты жаңа дәрі жасауға мүмкіндік берді. Ал осы жылы бұл қаржы тіпті бір дәріні жасап шығаруға да жеткіліксіз. Орта есеппен алғанда жаңа препараттарды дайындауға шамамен 10 жылға созылады. Сондай-ақ 2 миллиард доллардан астам инвестиция салу керек.
Оған қоса, АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы соңғы он жылда жылына орта есеппен небәрі 53 дәрі шығару туралы шешім қабылдады. Дегенмен, сарапшылар ЖИ-тің дәрі-дәрмек өндірісін жеделдетуде әлеуеті зор екенін айтады. Аталған технология дәрі-дәрмек өндіретін кәсіпорындардағы жұмыс процесін оңтайландыруға септігін тигізеді. 2025 жылдың өзінде бұл жайт іске асады.
Дәріні әзірлемес бұрын ең алдымен аурудың түрін дәл анықтап алады. Содан кейін ғалымдар оның белсенділігін төмендететін немесе күшейтетін молекуланы іздейді. Перспективалы молекулаларды анықтағаннан соң оларды алдымен компьютерлік модельдердің көмегімен тексереді. Одан кейін оны жануарларға сынақтан өткізеді. Бұл зертеу жылдар бойы жалғасуы мүмкін және дәріні әзірлеудің жалпы құнының үштен бір бөлігін құрайды.
Болашақта жасанды интеллект фармацевтердің негізгі құралына айналып, оларды табысқа жеткізеді. Біріншіден, ол зерттеушілерге деректердің үлкен қорын талдау арқылы ауруларды дәл анықтауға көмектеседі. Екіншіден, ЖИ неғұрлым перспективалы молекулаларды тауып, жұмыс процесін жеделдетеді. Мысалы, AlphaFold 2, DeepMind компаниясының моделі, 2021 жылы адам ағзасының барлық ақуыздарының құрылымын дәл анықтап, ғылыми қауымдастықты таң қалдырды. 2024 жылы AlphaFold 3 ДНҚ, РНҚ және лигандарға (орталықпен байланысты молекула, ион немесе атом) бақылау жасады. Бұл жақсы көрсеткіш. Себебі, ол тәжірибе жасауға кететін уақыт пен шығынды айтарлықтай азайтады.
Бұрын айлар кететін болса, қазір бірнеше сағаттың ішінде орындауға мүмкіндік бар.
Келер жылы қатерлі ісікке қарсы вакциналар шығарылады
Ондаған жылдар бойы имундық жүйені обырмен күресуге дайындайтын жаңа препараттар жасау оң нәтиже бермеді. Жылдар өте келе ол да мүмкін болатынына көзіміз жетті. Алдағы жылы бұл салада үлкен серпіліс болуы мүмкін. Медицина саласында жүргізген сынақтары нәтижелі болатын Moderna және Merck компаниялары mRNA-4157 деп аталатын меланомаға қарсы вакцина әзірледі.
Ұлыбританияда COVID-19 вакциналары өндірісіндегі пионер BioNTech компаниясымен бірлесіп құрылған NHS Cancer Vaccine Launch Pad бағдарламасы іске асып жатыр. Ол ішек, ұйқы безі және тері обырына қарсы мРНК вакциналарын сынауға бағытталған. Сондай-ақ иммундық жүйені рак жазушыларына қарсы тұруға қабілетті етеді. Биопсия, ісікті секвенирлеу (ДНК және РНК нуклеотидтік реттілігін анықтау), иммундық жүйемен танылатын ақуыздарды генерациялауға қабілетті мутацияларды анықтау және вакцина шығару. Жұмыс процесі дәл осылай жүзеге асады. Фармацевтикалық компаниялар болса науқастың жағдайын толық оңалтатын әмбебап вакциналар әзірлеп жатыр. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, болашақта мұндай вакциналарды қатерлі ісік ауруының алдын алу үшін де пайдалануға болады.
Бәріне қолжетімді энергияның жаңа түрі пайда болады
2025 жылдың соңына қарай жоспар бойынша қуаты шамамен 140 мегаватт болатын SPARC термоядролық реакторы ашылады. Оны Массачусетс технологиялық институтының жобасы бойынша құрылған Commonwealth Fusion компаниясының мамандары әзірлейді. SPARC токамак - қуатты электромагниттермен қоршалған тороидальды реакциялық камерасы бар қондырғы. Олар дейтерий мен тритий сутегі изотоптарынан тұратын плазманы ұстап, қыздырады. Жоғары температурада олар гелий, нейтрондар және орасан көп энергия бөліп синтез реакциясына түседі.
2024 жылға арналған Термоядролық өнеркәсіп қауымдастығының деректері бойынша, термоядролық синтезбен жұмыс істеу үшін 40-қа жуық компания жалпы $7,1 млрд көлемінде қаржы тартты. Олардың кейбіреулері баламалы тәсілдерді пайдаланады. Мысалы, канадалық General Fusion компаниясы сұйық металл қуыстарындағы плазманы қысып, қыздыруды жоспарлап отыр. Осы технологияны пайдаланатын сынақ реакторы да 2025 жылы іске қосылуы тиіс.
Суперкомпьютерлер мен жасанды интеллект климатты жақсартады
XIX ғасырдың соңында швед химигі Сванте Аррениус Жердің орташа температурасы мен атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін байланыстыруға тырысты. Оның есептеулері CO2 деңгейінің екі еселенуі климаттың 5-6 ºC жылынуына әкелуі мүмкін екенін көрсетті. Содан бері ғалымдар жүргізілген бұл бағалауды нақтылады.
Атмосфералық жүйедегі көптеген факторларға байланысты климаттық өзгерісті анықтау қиынға соғады. Одан да қиындық келтіретіні күн сәулесін де, жылуды да бере алатын аэрозольдар мен бұлттар. Осыны анықтау үшін зерттеушілер аэрозольдер мен бұлттардың өзара әрекетін зерттейді. NASA, Еуропа және Жапония ғарыш агенттіктерінің спутниктері климатқа әсер ететін процестер туралы деректер жинады. Бұл зерттеулердің негізгі нәтижелері алдағы жылы шығуы мүмкін.
Ғалымдар ағаштардың сақиналары мен шөгінді жыныстар сияқты деректерді пайдалана отырып, климатты өзгергенін немесе өзгермегенін талдайды. 2024 жылдың қыркүйегінде Science журналында Жер температурасының соңғы 480 млн жылдағы қайта өзгеруі жарияланған болатын. Биологиялық деректер мен тектоникалық жазбалар арқылы зерттеу жүргізілді. Осы ретте суперкомпьютерлер мен ЖИ саласындағы жаңа технологиялар да бұған септігін тигізді. 2025 жылдың соңында климаттық өзгерістерді нақты болжауға мүмкіндік беретін климаттық үлгілердің алғашқы нәтижелері шығады.
Адамдар Айды айналып ұша алатын болады
2025 жылдың соңына қарай астронавттар алғаш рет Айға қонады. Американдық Artemis бағдарламасында бірінші сапар 2024 жылдың соңына болады деп көрсетілген. Алайда, Orion ғарыш кемесінің жылу қорғау және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі мәселелерге байланысты ұшу мерзімі өзгерді. Егер бұл проблемалар шешілсе, 2025 жылдың аяғында төрт астронавтар Orion-ға ұшуға аттанып, он күн бойы сынақтан өтеді. Олар Айға қонбайды. Оның айналасындағы сегіз орбитамен ұшып, содан кейін Жерге қайтады.
Адамдар роботтар мен спутниктер және 4G арқылы ғарышты игеруді жалғастырады
Ғарышқа ұшу тек үкіметтік агенттіктерге ғана емес, жеке кәсіпорындарға да қолжетімді болады. 2025 жылы SpaceX Starship зымыранын сынауды жалғастырады. Сондай-ақ Starlink спутниктік желісін кеңейтеді. Оның ішінде смартфондарға жердегі станцияларсыз спутниктерге қосылуға мүмкіндік беретін «тікелей байланыс» функциясы бар. Ал Amazon компаниясы өзінің Kuiper спутниктік жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр.
Rocket Lab компаниясы болса, келер жылы алғаш рет Neutron зымыранын ұшырады. Қаңтарда роботтар SpaceX зымырандарымен Айға ұшады.
NASA қаржыландырған Artemis II миссиясы шеңберінде Intuitive Machines компаниясының айға ұшатын кемесі Nokia әзірлеген 4G базалық станциясын пайдаланатын болады. Айдың оңтүстік полюсін зерттей отырып, стандартты ұялы байланыс арқылы деректер алмасуға болады. Егер бәрі сәтті аяқталса, 4 G адамзат үшіг технологиясы маңызды құралға айналмақ. Тіпті, ғарышкерлер өз смартфондары арқылы Жердегілермен сөйлесе алатын деңгейге жетеді.
Жоғалған ежелгі деректер табылады
Біздің заманымыздың 79 жылы Везувий жанартауының атқылауы әсерінен Римнің Помпеи қаласы жер бетінен жойылып кеткен. Көршілес Геркуланум қаласында орналасқан "Папири вилласы" деп аталатын кітапхана жанартау шоғының астында қалған. жылытып жіберді. Соның салдарына грек және латын мәтіндері бар мыңдаған папирус күлге айналып, оның кейбір орамдары күні бүгінге дейін сақталды. ХVIII ғасырдан бері сақталып келе жатқан орамдарды толық оқу мүмкін болмады. Бірақ бірнеше сөзді оқып көруге болады, алайда орамалар жан-жаққа шашылып қалған. Алайда 2023 жылы зерттеушілер рентгендік сканерлеу мен жасанды интеллектті пайдалана отырып, бір орамнан мәтіннің үзінділерін тапты.
Студенттер анықтаған мәтін Геркуланумда тұрған грек философы Филодемнің бұрынғы белгісіз туындысы болып шықты. Беймәлім жаңа кітапшаларды сканерлеу мен талдау нәтижелі болса, жақын арада жоғалған басқа да туындылар табылуы мүмкін. Бәлкім, бұл Юлий Цезарьдің хаты болар. Болмаса, Софокл немесе Эсхилдің жоғалған трагедиялары, Сапфоның белгісіз өлеңдері немесе Рим мемлекетінің күнделікті жаңалықтар бюллетені белгілі болып, жарыққа шығар.
Жануарлардың өз банк картасы болады
Алдағы жылы жануарлардың ақша жарататын өз банк картасы болады. Ол табиғатты қорғау мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау мақсатында дайындалады. Сондай-ақ бұл олардың қауіптен аман қалуын қамтамасыз етеді. Tehanu технологиялық компаниясы дәл осындай технология құрастырған. Компания Руандада 19 отбасының қатысуымен жобаны іске қосып, сынақтан өткізді. Ал 2025 жылы бұл идеяны таратуды жоспарлап отыр.
Жалпы Tehanu жүйесі жануарлардың қажеттіліктерін анықтау үшін датчиктер мен жасанды интеллектті қолданады. Мысалы, браконьерлерге тосқауыл болады немесе жан-жануарларға ветеринарлық көмек көрсетеді. Содан кейін ол онлайн-қызметтер платформасы арқылы жергілікті тұрғындарға тапсырманы орындағаны үшін қаржы төлейді. Аталған кәсіпорын бұл жобаны жануарларды қорғау масатында жүзеге асырмақ.