Атом бомбасының зияны. Қазақстандағы экология жағдайы

Экология: “Оппенгеймер” киносы жайлы. Атом бомбасының зияны. Қазақстандағы экология жағдайы

Midjorney
«Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» демекші, үй болған әр отбасы балалы болуды ойлайтыны белгілі. Алайда бала сүю бақыты барлығына бірдей бұйыра бермейді. Қазақстандық репродуктивтік медицина қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша бедеулік жиілігі 20%-ға жетсе, Қазақстанда бұл көрсеткіш 15%-ға жуықтаған. Оған қоса ауылды жерлерден гөрі қалаларда бұл сан жоғарырақ екені белгілі болды. Ал бұл – тек медициналық қана емес, әлеуметтік, тіпті мемлекеттік деңгейдегі көкейкесті мәселе. 

БҰҰ-дың демографиялық есебіне сүйенсек, Қазақстан қазір ажырасу бойынша ТМД елдері ішінде көшті бастап тұр екен. Мәселен, бір жылда 130 мың неке қиылса, 50 мың отбасы ажырасып жатады. Басым көпшілігі еліміздің солтүстігінде, ал оңтүстік және батыс өңірлерде азырақ. Ал осы ажырасулардың түп себебіне үңілсек, солардың 20%-ға жуығы балалы болмаудан орын алып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз баяндамасында республикалық әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған есепке сүйеніп айтқан болатын. Осының барлығы мәселенің ел үшін маңыздылығын анықтауда. Қазақстанда қазір демографиялық ауысудың екінші кезеңі басталды. Мамандар бұл отбасы құрылымы мен қызметінің өзгеруіне байланысты деген пікірде. Бұған қоса отбасын құру жасы, сәйкесінше балалы болу жасы да ұлғайды. Осылайша әр бесінші отбасы балалы бола алмағандықтан ажырасуға бел буатын көрінеді. Кей отбасыларда ер адам туыстарының сөзіне еріп, бұл мүмкіндікті пайдаланбай некесін де бұзатын көрінеді. Психологтар мұндай жағдайда туыстармен шекара қойып үйрену маңызын баса айтуда. 

Репродуктивті медицина институтына жылына 10 мыңға жуық отбасы келеді. Солардың 60%-ы бедеуліктен емделіп жатса, 40%-ы ЭКО жасатуға, яғни жасанды ұрықтандыруға жүгінеді. Қазір үкімет тарапынан да оған арнайы квота да бөлінген. Бірақ мұндағы басты мәселе, жасанды ұрықтандыруға қатысты сыңаржақ пікірлер мен жалған ақпараттың кең таралғаны қынжылтады. Кей отбасыларда ер адам туыстарының сөзіне еріп, бұл мүмкіндікті пайдаланбай некесін де бұзатын көрінеді. Психологтар мұндай жағдайда туыстармен шекара қойып үйрену маңызын баса айтуда. Ендеше, жасанды ұрықтандырудың мәніне үңіліп көрейік. 

ЭКО дегеніміз (экстрокорпаральді ұрықтандыру) – қарапайым тілмен айтқанда, табиғи жолмен балалы болуға мүмкіндігі жоқ ерлі-зайыптылардың аталық ұрығы мен аналық жасушасын алып, инкубаторда бірнеше күн сақтап, әйелдің жатырына салу арқылы балалы болу мүмкіндігін беретін, бедеуліктің кез келген түрін емдей алатын әдіс. Яғни ер мен әйелдің ұрығы адам ағзасының ішінде емес, сыртында қосылады. 

Елімізде алғаш рет жасанды ұрықтандыру 1995 жылы қолға алынып, 1996 жылы дүниеге қыз бала келген. Содан бері Қазақстанда мемлекеттік, мемлекеттік емес бірнеше орталық ашылып, жұмысын жүргізуде. Мұнда ақылы түрде әрі ақысыз (квота) түрінде емделуге болады. Ұрықтану процесі адам ағзасынан тыс, стерильді пробиркада өтетіндіктен ЭКО әдісіне күмәнмен қарап, оған сенім артпайтын жандар да кездеседі. Бұқаралық ақпарат құралдары жасанды ұрықтандыру әдісінің қаншама отбасына бақыт сыйлағанын жарыса жазып жатса да, қоғам ішінде ол турасында түрлі мифтер мен стереотиптер ұшырасады. Солардың бірсыпырасын келтіріп, тоқталсақ. 

№1 миф. ЭКО нәтижесінде дені сау бала тумайды. Баланың денсаулығында ақау анықталып, генетикалық ауытқулар шығып, түрлі ауруға шалдығады. Бұл әрине, шындықпен жанаспайды. 70 жылдардан бері ЭКО әдісін қолданып келе жатқан Батыс елдері осы жолмен дүниеге келген балалардан генетикалық ауытқулар анықталу қаупі табиғи жолмен туған балалармен бірдей екенін анықтады. Шындығында бұл баланың ата-анасының генетикалық аурулары мен тұқым қуалайтын аурулары, жасы мен экологиялық жағдайға байланысты.

№2 миф. ЭКО (жасанды ұрықтандыру) өткізу фактісін міндетті түрде жасыру керек, ел білсе ұят болады. Осы мифтің артында ертеден ел арасында келе жатқан стереотип, яғни «әйел адамның бала көтере алмауы ұят» деген ұстаным тұр. Отбасының балалы бола алмауы тек ерлі-зайыптылардың арасындағы ғана интимді тақырып болуы керек. Кінәрат тек әйел адамнан емес, ер адамның денсаулығынан да болып жатады. Сәби сүйгісі келетін отбасы үшін ЭКО жалғыз жол болса, онда жұрттың, ағайынның пікірі мен ойы оларды алаңдатпауы керек. Қазір ғылым қарыштап дамып жатқан заманда қаншама күрделі операциялар, тіпті ағза мүшелерін ауыстыру, трансплантация да жасалып жатыр. Ендеше, жасанды ұрықтандыру жолымен бала көтеруге ұялудың қажеті бар ма?! 

№3 миф. ЭКО арқылы туған балалардың өзі бала өмірге әкеле алмайды. Бұл мифті қаншама дәрігер мен ғалым мамандар жоққа шығарса да, сенетіндер әлі де бар. Бірақ бұл шындықпен жанаспайтыны 2007 жылы анық болды. Сол жылы өзі ЭКО көмегімен дүниеге келген әйел адам дені сау баланы өмірге әкелді. 

№4 миф. ЭКО (жасанды ұрықтандыру) – ауыр процедура, жүктілік те ауыр өтеді. Аналық жасушаны алу процедурасы жалпы наркоз арқылы өтеді, яғни сезілмейді. Ал жүктіліктің ауыр өтетіні туралы қауесетке келсек, жасанды ұрықтандыруға көбінесе гинекологиялық аурулары бар әйел адамдар келетінімен байланысты. 

№5 миф. Жасанды ұрықтандыру арқылы бірден бала көтеру мүмкін емес. «ЭКО арқылы бірден бала көтеру мүмкін емес, оны бірнеше рет жасау керек» деген де пікірлер жиі ұшырасады. Статистикаға сүйенсек, бір эмбрионды енгізгеннен кейін бала көтеру мүмкіндігі 25-30 пайызға жуық. Ал бұл табиғи жолмен балалы болу көрсеткішімен бірдей. 

№6 миф. Жасанды ұрықтандырудан міндетті түрде егіз не үшем дүниеге келеді. Ал бұл қауесеттің шындыққа келетін де тұстары бар. Әйел адамның жатырына бірнеше эмбрион енгізіледі. Кей кездері солардың барлығы жабысып, ары қарай дами бастайды. Сол кезде егіз, үшем дегендер болуы мүмкін. Әр адамда әрқалай болады. 

№7 миф. 40 немесе 50 жаста да ЭКО, яғни жасанды ұрықтандыруды сәтті жасатуға болады. Уақыт өткен сайын заман да өзгеруде. Бір кездері 35 жаста бала көтерген әйел жас ана саналмаса, қазір әйелдер 40, тіпті 45 жаста да балалы болудан қорықпайды. ЭКО өткізу бойынша жас шектеуі жоқ болғанымен дәрігерлер 42 жастан кейін бұл процедураны өткізуді көп құптай бермейді. Медицина ілгері дамыса да, табиғат заңына қарсы шыға алмайсыз. Сондықтан жас өткен сайын жасанды ұрықтандыру жолымен балалы болу мүмкіндігі де төмендейтінін ескерген абзал. 

P.S. Көпжылдық тәжірибе ЭКО арқылы дені сау ұрпақ дүниеге келетінін көрсетіп отыр. Ширек ғасыр ішінде елімізде 18 мыңнан астам бала осылай өмір есігін ашты. Сондықтан «жасанды ұрықтандыру табиғи емес», «бәріне әйел кінәлі» немесе «ел естісе ұят» деген сияқты әңгімелерден ада болып, ғылым мен технологияның осындай мүмкіндігін керісінше қолдап, қажет болған жағдайда қысылмай жүгінген абзал.