2023 жылдың 30 наурызында Алматыда Консультативтік кеңестің бірінші салалық форумы өтті. Шараның ұйымдастырушысы – AlmaU технологияларды коммерцияландыру орталығы.

Бірінші Industry Advisory Board қалай өтті

6 апреля 2023

Фото: ALMAU
Industry Advisory Board – бизнес, салалық кәсіпорындар және жетекші ғылыми университеттер арасындағы ашық байланыс пен өзара қарым-қатынас үшін құрылған платформа. Ғылымды коммерцияландыру мәселесіне 200 адам қызығушылық танытты.
Форумда коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер Альянсының құрылғаны туралы жарияланды. Он университет AlmaU-мен меморандумға қол қойды: ҚазҰУ, Satbayev University, АЭжБУ, ҚазҰМУ, ҚазҰАЗУ, ҚБТУ, ҚАТУ, Shakarim University, ЯФИ және Азаматтық авиация академиясы. Олардың сегізі форум барысында күрделі салалық міндеттерді шешуге және қосылған құны бар жаңа өнімдерді жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларын таныстырды. Ал салалық кеңес мүшелерінен тұратын қазылар алқасы сұрақ қойып, құнды кеңестер берді.

Салалық консультативтік кеңес 22 мүшеден тұрады. Оның ішінде Siemens, Microsoft, MC, Honeywell, Coca Cola сияқты әлемдік көшбасшылардың өкілдері бар.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қан тамырлары патологиясы орталығының директоры Дәрменов Оралбай артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған құрылғы мен әдісіне тоқталды. Ғалымның айтуынша, олардың липолитикалық препараты бар өнімдері қан тамырларын атеросклеротикалық түйіршектерден тазартады. Ал аналогтарымен салыстырғанда орташа өмір сүру ұзақтығын 10-15 жылға ұзартады. Стенттің болуы міндетті емес.

ҚБТУ линзалар негізінде шыныға арналған энергияны үнемдейтін жылу оқшаулағыш жабынды енгізу арқылы білім беру және әлеуметтік нысандардағы шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін Sun Scutum жобасын ұсынды. Әйнектің ішкі жағына микро жұқа жабын жағылады. Нәтижесінде ол 90% ИҚ және 95% ультракүлгін сәулеленуді блоктайды:

«Ғимараттар, мекемелер мен басқа да құрылыстардың 95 пайыздан астамы қарапайым шынылармен жабдықталған. Екі қабатты терезені энергияны үнемдейтін терезеге ауыстыру қымбатқа түседі. Біздің өнім ең арзан екі қабатты терезені ауыстырудан 10 есе арзан», — деп түсіндірді «Солнечный щит» директоры Сергей Сахнов.

Тимур Бұқашев, «QazCem» қазақстандық цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының техникалық сарапшысы: «Ғылыми ортадан қуылған жастардың пайызына қарасақ, ондағы орташа жас логоретмиялық түрде артады. Менің мамандығым бойынша негізінен зейнеткерлер немесе 25 жасқа дейінгілер жұмыс істейді. Біздің ғалымдар - супермендер. Өйткені олар осындай жағдайда, талаптарда өмір сүріп жатыр. Олар не ауқатты отбасынан шыққан болуы керек, не өте қыңыр мінезді болуы керек. Экономиканың нақты секторы ғылымға, қазақ ғылымына шынымен ақша бөлгісі келмейді. Бұл – үлкен тәуекел. Бұл тәуекелді ешкім қолдамайды. Тәуекелді ақтау үшін орта қалыптастыру керек. Адам тәрбиелеу мен ғылыми білім беру екі түрлі нәрсе, олар бір-бірімен байланысты емес. Бұл адамдар бір-бірін танымайды. Бүгінгі форум – барлығын бірге жинаған алғашқы орындардың бірі».

Санат Аханов, QazInnovation басқармасының төрағасы: «Мысалы, мен химикпін, сіз де химиксіз. Мен математикпін, сіз де математиксіз. Мен өз саламда еңбек етемін, сіз өз салаңызда. Ноу-хау біз бен сіз екеуміздің қарым-қатынасымыздан туындауы мүмкін. Шығармашылық - белгілі элементтерді ерекше түрде біріктіру қабілеті. Біз мемлекет ретінде топтарды белсенді түрде іздеп, қоғамдастық құра отырып, оларды бір-бірімен таныстыруға тырысуымыз керек».

MOST Ventures басқарушы серіктесі Алим Хамитов:

«Олар 2011 жылы «стартап», «венчур» деген сөздерді айтқанда бәрі күлетін. Қазір нарық өсті, өзгерді. Бизнес-инкубация қайырымдылық емес. Біз таланттардың көп екенін көріп отырмыз және олар дұрыс бағытта қозғалуы үшін әр кезеңде көмек қажет. Университтердің рөлі зор. Себебі біз білімнің күшіне сенеміз».

Химик ғалым, бірегей әзірлемелердің авторы Диас Тастанбеков: «Мемлекет ғылымнан тиімді бизнес жоқ екенін түсінуі керек. Мұны түсінген мемлекет «қалай істеу керек?» деген сұраққа жауап береді. Мемлекет түсінбейінше, оны қалай жүзеге асыру керегін айтудың мәні жоқ. Үндістан мен Қытайда Америкаға қарағанда дарынды бала көп. Ал біз олармен бәсекелесуіміз керек. Бізде реагенттер 4 ай жүретін болса, біз олармен қалай бәсекелесеміз? IT сауаттылық онсыз да төмен.

Мемлекет қандай шайқасқа түскісі келетінін түсінуі керек: шалшықтағы акула немесе көк мұхиттағы балық болғысы келе ме? Біз қандай шайқасқа дайындалып жатырмыз?! Мемлекетке айтқым келеді: «мен сенімен де, сенсіз де жарысамын». Бірақ бірге болғанымыз жақсырақ».

AlmaU-дың коммерцияландыру жөніндегі проректоры Кендрик Уайт:

«Егер біз өнімдердің жаңа буынын жасамасақ, экономиканы дамыта алмаймыз. Мен ғалымдардың мәселесін түсіндім. Олардың тек жергілікті патенттері бар, халықаралық патенттері жоқ. Кез келген инвестор, кез келген іскер адам идеяда жаһандық әлеуетті іздейді. Біздің коммерцияландыру орталығы осы сұрақтарға жауап іздейді: «Кім? Не? Неге? Қалай?».

Cеріктестік мақала.