Нұрқожа Ерсайын Derekkoz.kz Әлеуметтік желіде қазақ тарихын жеңіл әрі қызықты етіп түсіндіріп жүрген тарихшы, медиа маманның бірі - Нұрқожа Ерсайын. Ол TikTok-та оқушыларға ба халқымыздың байырғы аңыз-әңгімелерін кеңінен тарқата түсіндіріп, қызықты деректер ұсынады. Атап айтқанда, тарихи қателер мен мифтерді талдап, дұрысын видео арқылы көрсетеді.
Автор сонымен қатар Instagram-да
"Derekkoz.kz" парақшасын жүргізіп, түркі елінің тарихы мен мәдениетін жастарға жаңартылған форматта жеткізеді. Бұл барлығы тек қазақ тілінде айтылатын оқырманы көп әлеуметтік-қоғамдық жоба. Instagram-да қысқаша мәлімет берсе, YouTube-те тақырыпты толық талдап түсіндіреді.
Нұрқожа Ерсайын көбінесе түркітілдес халықтардың әдет-ғұрпы мен мәдениеті тұрмыс-тіршілігі туралы көпшілікке пайдалы ақпарат таратады. Өткен ғасырдың белгілі тұлғалары жайлы бұрын-соңды естімеген фактілерді ұсынып, қате түсініктерге және
мифтерге қатысты пайымын көрсетеді. Тарихшының
Абылай ханның портретіне қатысты пікір білдірген видеосы ең көп қаралым жинаған, яғни 4.7 миллион. Оған қоса, автор "Шыңғысханда ұлт болмаған", "Ол Отырарды жаулаушы емес, азат етуші" деген сияқты даулы мәселелер көтерген. Оның пікірінше, біз мектепте Шыңғыс ханды Отырарды қиратқан, кітапхананы өртеген шабуылдаушы ретінде танығанбыз. Алайда, нағыз ақиқаттың беті ашылып жатыр. Ол жерлерде ешқандай кітапхана болмағаны, қаланың өртенбегені белгілі болды. Сондай-ақ Шыңғыс ханның Отырарды бодандықтың қамытынан босатып, тәуелсіз еткені жайында деректер шығып жатыр. Нұрқожа Ерсайын осындай күрделі тақырыптарды қызықты қылып әрі жеңіл жеткізеді. Сондықтан да оның таратқан әрбір ақпараты тарихқа қызықпайтындарды да қызықтырады.
Ұлан Үсенов @Wanna_be_teacherҰлан Үсенов әлеуметтік желіде оқушыларға химияны аниме арқылы және басқа да әдістермен қызықты етіп түсіндіретін білікті мұғалім.
Жаңашыл ұстаз бастапқыда химияны "Наруто" анимесі арқылы ерекше форматпен оқыта бастаған. Оқушылардың басым көпшілігі осы контентке зор қызығушылық танытқан. Анимедегі іс-әрекеттерді химияның реакцияларымен байланыстырған. Бірақ оқушылардың бәрі бірдей аниме көре бермейді. Сондықтан да мұғалім музыкалық контент жасауға көшкен. Сабақтарын әнмен сүйемелдеп, Менделеев кестесіндегі элементтерді көпшілікке танымал әндер арқылы түсіндіреді. Атап айтқанда, Андрей Губиннің "Түн" әні арқылы Бром элементті туралы мағлұмат беріп, оқушылардың химияға қызығушылығын арттыра білді. Өлең, ән арқылы оларға қиын да күрделі тақырыпты ұғынып, есте сақтауға қол ұшын созып жүр. Ұлан Үсенов сондай-ақ химиялық элемент туралы әннің сөзін өзі жазады. Оның пікірінше, кітаптағы ақпаратқа қарағанда әннің сөзін есте сақтау әлдеқайда оңай. Әрі музыкалық контент аудиторияға өтімді.
Әсіресе, бір элементті жанды етіп бейнелейтін породиядық контенті оқырманның көңілінен шыққан. Онда көзілдірік киген мұртты химик қызықты ақпараттарды ерекше тәсілмен түсіндіреді. Оқушы басында видеоның білім беру бағытында екенін білмей, ойын-сауықтық, аниме туралы екен деп ойлайды. Содан кейін барып сабақ екенін түсінеді.
Замануи қоғамның тамырын дөп басқан ұстаз бұл салаға кездейсоқ келген. Ол бастапқыда журналист болуды армандаған. Бірақ мемлекеттік грантқа қол жеткізуді жөн көрген. Ұлан Үсеновтың ойынша, тақырыпты бұрынғыдан өзгеше етіп түсіндіруге болады. Мысалы, Менделеев кестесін блоктар, периодтар сынды ескі тәсілдермен емес, өзі ойлап тапқан үстел ойыны арқылы оқушыға меңгерте аласың. Бұл ойынды ойнаған шәкірт кесте қалай жұмыс істейтінін түсініп, есте сақтайды.
@DAA EnglishЖеліде ағылшын тілін үйрететіндер қатары көп болғанымен, қазақша контент аз. Дейтұрғанмен ағылшын тілін қазақша сапалы әрі қызықты етіп түсіндіретіндер де жоқ емес. Солардың бірі - DAA English аккаунты. Бұл бастаманы Арман Арғынбаев, Дмитрий Черкасов және Әділжан Анай атты Сүлеймен Демирел атындағы университеттің үш ұстазы қолға алған. Олар күнделікті өмірде қолданып жүрген сөздер мен сөз тіркестерін ағылшын тілінде түсінікті етіп жеткізеді.
Жоба авторлары мұнымен қоса ағылшын тілі курсын да жүргізеді. Олар шетелге саяхаттағанда да ерекше контент түсіреді. Өзге елдің тұрмыс-салты, мәдениеті туралы баяндап жүріп те , ағылшын тіліндегі жаңа сөздерді үйретуді ұмытпайды. Оған қоса, авторлар оқырманға ұғынықты болуы үшін мысал ретінде фильмнің үзінділерін қолданады.
@Jump2marsJump2mars - ғылымды жеңіл тілмен түсіндіретін, бірнеше саланы қамтитын білім беру жобасы. Команда жасөспірімдердің білімге деген қызығушылығын ояту үшін стандарттан тыс тәсілді қолданады. Физика, математика, химия, биология, тарих сынды салаларға қатысты пайдалы ақпараттар береді. Әрбір саланың ұстаздары бірлесіп Instagram,
YouTube және
TikTok әлеуметтік желілерінде Jump2mars жобасының парақшасын жүргізеді. Әр автор өз стилінде бейнеролик түсіреді. Олар екі адам арасындағы диалог, анимация, хуманизация ( жансыз заттарды адам кейпінде бейнелеу) сынды түрлі тәсілдер арқылы тақырыптың мәнін ашып түсіндіреді. Мәселен, жер бетінде күн болмаса, аспандағы жұлдыздар анық көрініп, айдың мүлдем көрінбей қалатынын диалог арқылы видеомен жеткізген. Фотосинтез процесі тоқтап, өсімдіктердің оттегі бөлмейтінін, планетамыз ғарыш кеңістігіне ұшып кететініні туралы ақпаратты осындай ерекше форматта берген.