Жадырадан әуеде жұмыс істегеннің теріс жағы бар-жоғын да сұрадық.
«Егер жақсы күтініп жүрсең, еш зияны жоқ. Авиацияда жұмыс істейтін жан үнемі check-up өту керек. Мен де жиі денсаулығымды тексертіп, қан анализін тапсырып тұрамын. Сосын рейске дейін де, рейстен кейін де дұрыс ұйықтауға тырысамын. Пайдалы ас ішемін. Спортпен айналысамын. Әсіресе, йогамен доспын. Соның арқасында денсаулығыма ешқандай зияны тимеді.
Бұл саладағы ең қиын нәрсе түнгі рейстер дер едім. Мәселен, таңғы 4-те, ұйқыңның нағыз тәтті кезінде тұрып, жұмысқа шығу керек кездер болды. Түні бойы ұшатын рейстер де болады. Сол кезде ұйқы қатты қысады. Алайда бос уақытта ұйқыны қандыру керек.
Бортсерік боламын десеңіз, мерекелерде жақындарыңызбен бола алмайтыныңызға дайын болыңыз. Өйткені атаулы күндерде шетелге іссапармен кетіп қалуыңыз әбден мүмкін.
Қазіргі таңда мен стюардесса боламын деген арман-мақсаты бар жандарға 1 айлық курсымды ұсына аламын. Бірақ бұл курсқа тек ағылшын тілін белгілі бір деңгейде білетіндерді аламын. Өзі ағылшын тілін біліп келеді, ал мен жұмыс бойынша сөйлесудің жолдарын үйретемін. Сондай-ақ тесттен қалай өту керегін де біліп шығады.», - дейді маман.