Көптілдік пен мультмәдениет. Қазірдің өзінде халықаралық онлайн және оффлайн командада жұмыс істеу ағылшын тілін білумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ әр елдің мәдениетін түсіну де маңызды. Бұдан бөлек, өз салаңыздың шетелдердегі өзгешелігін білу пайдалы болмақ.
Коммуникацияның салааралық машығы. Қазіргі таңда өнімдер әртүрлі саланың қатысуымен шығады. Мәселен IT технологиясыз бірде бір өнім алысқа бармайды. Демек, кез келген маман ақпараттық технологиядан хабардар болу керек.
Клиентке бейімделу. ХХІ ғасырда барлық компания клиенттің сұранысын түсініп, оған лайықты шешім ұсына білу керек. Қызмет көрсетудің әртүрлігінен клиент өседі, сондықтан компаниялар клиентке бейімделе алатын қызметкерлерді көргісі келеді. Ең алдымен бұл қызмет көрсету бағытында жұмыс істейтін компанияларға қатысты.
Жобаларды және процесті басқара алу қабілеті. Қазір компаниялар жоғарыдан төменге жүретін иерархиядан алшақтап барады. Сондықтан командаға көшбасшы бола білетін, басымдықтарды дұрыс қоя алатын және топқа кәсіби мамандарды тарта алатын адам керек.
Міндеттер мен тапсырмалардың өзгеруіне бейімделе алу. Заманауи әлемде тез шешім қабылдап, өзгерістерге лезде бейімделе алу керек. Сондай-ақ мұндай кезде ресурстарды дұрыс пайдалана білу де маңызды. Ресурсқа өз жағдайын бақылай алу, кей жағдайларда стреске қарсы тұру сияқты қабілеттер жатады.
Шығармашылық қабілет. Қазір стандартты емес ойлау бағаланатын заман. Сондықтан жұмыс берушілер шығармашыл ойлайтын, өзіндік талғамы бар қызметкерді жоғары бағалайды.
Адамдармен жұмыс істеу. Өмірге келген сәтімізден-ақ адамдармен байланысты үзген емеспіз. Сондықтан роботтар мен жасанды интеллектің бұл жерде бізден асып түсуі екіталай. Осы қабілетті дамыту арқылы тек адамдар ғана шеше алатын қайшылықтарды басқаруды үйренеміз.
Критикалық ойлау. Ақпарат ағыны барған сайын көбейіп жатыр. Бірақ бұл соның барлығына сену керек дегенді білдірмейді. Манипуляция құрығына ілікпес үшін ақпарат көздеріне сыни тұрғыды қарап, ақпаратты растау немесе жоққа шығару сияқты қабілеттерді дамыту керек.
Эмоционалды интеллект. Технология біздің өмірмізді жеңілдетіп жатқанымен, оның бізге бере алмайтын тұстары да бар. Ол: жылулық, әзіл, коммуникация. Өзге адамның эмоциясын танып білу үшін екінші адамның жағдайына ортақтасу және онымен ортақ тіл табысып, жайлы атмосфераға кіру үшін интеллектің бұл түрі маңызды болмақ.