НОВОСТИ

Visa компаниясы шағын бизнесті қолдау үшін «Бизнес-трамплин» жобасын іске қосуда

Бизнес-трамплин — шағын бизнеске арналған конкурс, бас жүлдегер өз ісін дамытуға 7 000 000 теңге (15 000 $) алады

Конкурсқа Қазақстанда негізі қаланған, өнім өндіретін не қызмет көрсететін әрі салық төлейтін, жұмыс жасап жатқан компаниялар қатыса алады

Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған әрі еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандыруға бағытталған «Бизнес-трамплин» конкурсы басталды. Конкурсты цифрлық төлемдер индустриясындағы әлемдік көшбасшы – Visa компаниясы іске асырады. Жобаның техникалық серіктесі – AIFC Professional Services Group Limited компаниясы. «Бизнес-трамплин» жобасы жергілікті шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Visa #WhereYouShopMatters #buylocals жаһандық бастамасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Конкурсқа Қазақстанда негізі қаланған, өнім өндіретін не қызмет көрсететін әрі салық төлейтін, жұмыс жасап жатқан компаниялар қатыса алады. Қатысушы өз идеясын жүзеге асыра алатындығын дәлелдеу керек және бөлінген қаражатты пайдаланудың қаржылық жоспарын ұсынуы тиіс. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 3 шілдеге дейін (3 шілдені қоса алғанда) https://businessspringboard.kz/ сайтында жүргізіледі.

«Visa компаниясы Қазақстандағы шағын бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту үшін көптеген бастамаларды қолдап, кәсіпкерлерге жаңа білім алу, оларға жеке-дара және кәсіби біліктерін дамыту мүмкіндіктерін ұсынады. «Бизнес-трамплин» жобасы шеңберінде біз материалдық қолдау арқылы бизнесі «шарықтайтын», дамуына трамплин болатын кәсіпкерлерді іздейміз. Еліміздің ірі кәсіпкерлері мен топ-менеджерлері конкурстың финалистерінің өнімдері бойынша сараптамалық баға береді, бизнесті одан әрі дамыту идеяларымен бөліседі. Жоба аясында шағын бизнес өкілдері олардың дамуына және толғандыратын сауалдарына табысты сарапшылардан жауап алуға бірегей жағдай жасалады», — деп атап өтті Кристина Дорош, Visa компаниясының вице-президенті, Орталық Азия және Әзірбайжандағы өңірлік менеджері.

Конкурсқа қалай қатысуға болады?

2023 жылдың 20 маусымында конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. Қатысу үшін кәсіпкерлерге әлеуметтік желілерде жарияланым жасап, Visa компаниясының @visakz_official ресми парағын белгілеу қажет әрі #businessspringboardkz хэштегін қосу қажет.

Жарияланымда қатысушы бренд идеясын ашып көрсетіп, оның пайда болу тарихын, өнімнің ерекшеліктері мен артықшылықтарын атап өтуі қажет, сондай-ақ бизнестің нәтижелері мен қол жеткізу жоспарланатын келешегі жайлы баяндауы қажет. Жарияланым фото не видео таныстырылым форматында болуы тиіс, MPEG4, MOV, AVI кеңейтілімінде ұзақтылығы 1 минутқа дейін және сапасы HD (1024x720 нүктеден) кем болмауы тиіс.

Әріқарай жобаға қатысу үшін https://businessspringboard.kz/ сайтында өтінім қалдыру қажет. Бір қатысушы тек бір номинацияда: негізгі номинацияда немесе «Әлеуметтік бизнес» номинациясында өтінім бере алады.

Қатысу шарттары

Іріктеудің бірінші «топ-40» кезеңі 2023 жылдың 4 шілдеден бастап 2023 жылдың 20 шілдесі аралығында өтеді. Жұмылдырылған бизнес-сарапшылар конкурстың келесі кезеңіне өту үшін негізгі номинацияда 30 қатысушыны және «Әлеуметтік бизнес» номинациясында 10 қатысушыны іріктеп алады. «Топ-40»-қа енген қатысушылардың тізімі ашық дауыс беру үшін және конкурстың 10 финалистін таңдау үшін жобаның https://businessspringboard.kz/ ресми парағында 2023 жылдың 21 шілдесінде жарияланатын болады.

Іріктеудің екінші «топ-10» кезеңі жобаның https://businessspringboard.kz/ ресми парағында ашық дауыс беру арқылы өтетін болады.

Конкурстың соңғы кезеңі 2023 жылдың 21 тамызында өткізіледі. Финалистер қазылар алқасының мүшелері алдында өз бизнес-жобаларын таныстырып, қорғайтын болады.

Конкурстың негізгі номинациясында 3 жеңімпаз болады, олар өз бизнестерін дамыту үшін бірінші, екінші және үшінші орындар үшін сәйкесінше 7.000.000, 5.000.000 және 3.000.000 теңге алатын болады. «Әлеуметтік бизнес» номинациясында жеңімпаз 7.000.000 теңге, ал «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» номинациясындағы жеңімпаз – 2.000.000 теңге алады.

Жобаның әр кезеңінде қатысушыларға жетекші әлеуметтік медиада қолдау көрсетілетін болады.

Visa компаниясы туралы ақпарат

Visa (NYSE: V) – электрондық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикада барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат visa.com.kz сайтында.

Тек БАҚ сұранымдары үшін:

1) Данил Павленко

Visa корпоративтік коммуникациялар жөніндегі аға менеджер,

Орталық Азия және Әзірбайжан

dpavlenk@visa.com

2) Дания Утеева

Орталық Азия елдеріндегі Visa баспасөз қызметі

PBN Hill+Knowlton Strategies

Тел.: +7 778 555 4124

daniya.uteyeva@hkstrategies.com