НОВОСТИ

Петропавлда мұғалім тарих пәні бойынша мобильді қосымша ойлап тапты

Петропавл қаласында №1 IT-лицейдің педагог-шебері Сергей Никулин тарих пәндеріне арналған «Қазақстан тарихы бойынша тесттер» атты мобильді қосымша жасап шықты. Онда БЖБ, ТЖБ және емтихандарға дайындалу үшін «Дүниежүзі тарихы» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша тесттер қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі қосымшадағы тапсырмалар ойын түрінде берілгенін мәлімдеді. Педагог Никулиннің айтуынша, қазіргі таңда бұл көмекші құрал мыңдаған мұғалім мен оқушының көңілінен шығып жатыр.

Қосымшаны жасаған Сергей Никулин – ҰБТ-ға дайындық бойынша «Қазақстан тарихы бойынша 4000 жауап», «Қазақстан тарихының қысқаша курсы», «Қазақстан тарихының мектеп курсы», «Қазақстан тарихы бойынша мектеп курсы» атты бірнеше әдістемелік құралдардың авторы.