НОВОСТИ

Петропавлдық жас жұбайлар тойларында велосипедшілер шеруін жасады

Әлеуметтік желіде петропавлдық жастардың түрлі-түсті шармен безендірілген велосипед шеруінің бейнежазбасы тарады. Отбасылық өмірге аяқ басқан жұбайлар достарымен велосипед теуіп, тойды ерекше өткізген.


Людмила мен Юрий 2 жыл бұрын велосипед тебушілердің әлеуметтік желідегі тобында танысқан. Қызығушылығы ұқсас ғашықтар тойларын есте қаларлықтай өткізуді жоспарлаған. Сол себепті автокортеж жасаудан бас тартқан. Осылайша қуанышын бөлісуге келген достарымен бірге қалада велосипед шеруін жасаған.

Велосипедші ғашықтар қала маңындағы «Вороний остров» деп аталатын орында достарын жинап, салтанатты іс-шараны айрықша атап өткен.