Ахмет Қуанұлы Жұбанов — қазақ музыкасының шоқтығы биік тұлғасы
Ахмет Қуанұлы Жұбанов — кеңес және қазақ музыкасының дамуына баға жетпес үлес қосқан музыкатанушы, композитор, дирижер, Қазақ КСР халық әртісі, профессор және академик. Оның шығармашылық жолы қазақ халқының ұлттық өнерін әлемге танытуға арналды.
Бұл сирек кадрда Ахмет Жұбанов пен Құрманғазы оркестрі Құрманғазының атақты «Сарыарқа» күйін орындауда.
Ұлы күйші Құрманғазының бұл туындысы кең байтақ қазақ даласына деген терең махабат пен еркіндікке ұмтылысты жеткізген. «Сарыарқа» күйі Құрманғазының қуғын-сүргін көрген қиын-қыстау кезінде жазылғанымен, ол бүкіл қазақ халқының еркіндікке деген ынтызарлығын айқын көрсетеді. Күй тыңдаушысын жігерлендіріп, туған жердің шексіз кеңістігін көз алдына әкелетін ерекше рухты сезім сыйлайды.
Құрманғазы күйлерінің бай сазы, терең мағынасы мен жігерлі екпіні қазақ музыкасының асыл мұрасын бүгінге жеткізді.
Еске сала кетейік, биыл Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ музыкалық мектеп-интернатының ашылғанына 60 жыл толды. Мерейтой аясында өнерсүйер қауымға ерекше концерт ұсынылып, ұлы тұлғаның мұрасы тағы бір мәрте ұлықталды.