НОВОСТИ

АҚШ-та алғашқы штат TikTok қолданбасын қатаң шектеу туралы Заңға қол қойды

Монтана губернаторы Грег Джанфорте TikTok қолданбасын қатаң шектеу туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Аljazeera порталы. Осылайша Монтана АҚШ-тағы әлеуметтік медиа платформасына толық тыйым салған бірінші штат атанды.

Джанфорттың айтуынша, тұрғындардың жеке деректерін Қытай коммунистік партиясынан қорғау үшін TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салған. Ол бұл платформа ұлттық қауіпсіздікке зиянын тигізетінін жеткізді.

Елдегі сөз бостандығын қорғаушылар аталмыш Заң құқығымызды шектейді деп санайды.

Монтанада TikTok желісіне қатаң шектеу туралы Заң 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.