Павлодар қаласында «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің» 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркіндегі ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың өмірін виртуальды түрде көрсеткен, деп хабарлайды рavlodarnews.kz сайты.
3D атласта баянауылдық қарағай, қарағаш, көптісті жертесер мен арқар бар. Дарынды оқушылар бұл атлас арқылы кез келген жерден Баянауылдың флорасы мен фаунасын көруге мүмкіндік туатынын айтты.
«Біз өңіріміздің тұрғындарының басым бөлігі табиғаттың қорғауға алынған объектілері туралы білгенін қалаймыз. Мұндағы басты мақсатымыз - олар қандай жануарлар мен өсімдіктердің қорғауға алынғанын біліп, оларға зиян келтірмесін деген ниет» , - дейді өнертапқыш түлектер.
Заманауи технологияны екінші жыл қатарынан 3D форматта көрсетіп жүр.
Руслан мен Богдан бұл мәселемен ENACTUS бизнес ұсыныстар конкурсына Баянауыл ұлттық паркі бойынша экологиялық тур құрастырғаннан бастап айналысып келеді.