НОВОСТИ

Бельгиялықтар 16 жастан бастап сайлауда дауыс бере алады

Бельгия билігі Еуропарламент сайлауында 16 жастан бастап дауыс беруге рұқсат берді. Бельгия – ЕО-дағы Мальта, Германия және Австриядан кейін осындай шешім қабылдаған төртінші ел, хабарлайды Euronews.


Ішкі істер министрі Аннелиз Верлинден жас шегін төмендету арқылы билік нақты сигнал жіберіп отырғанын айтады.


«Біз сіздердің дауыстарыңыз бен пікірлеріңізді ескергіміз келеді", - дейді министр.


Осылайша, 280 000-ға жуық жас бельгиялық келесі жылы еуропалық деңгейде дауыс бере алады. Алайда ересек азаматтар сайлаушылар тізіміне автоматты түрде кіреді. Ал дауыс бергісі келетін кәмелетке толмағандар алдын ала тіркелуі керек.